23
желтоқсан
2025
Санкт-Петербург қаласында өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отыры

Қазақстан ЕАЭО аясындағы ынтымақтастықты нығайтуын жалғастыруда
А.ж. 21 желтоқсанында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург қаласында өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысады. Айта кетерлігі, 2026 жылы Қазақстан ЕАЭО органдарында төрағалық ететін болады, ал бұл біздің елімізге Еуразия аймағындағы экономикалық күн тәртібін қалыптастыру үшін ерекше жауапкершілікті жүктеп отыр.
Мемлекет басшысы ЕАЭО жан-жақты орындау және үшінші елдермен сыртқы экономикалық ынтымақтастықты кеңейту қажеттілігін атап өтеді. Бұл тұрғыдан алғанда алдағы саммит аясында ЕАЭО, оған мүше мемлекеттер мен Индонезия арасында еркін сауда туралы келісімге қол қою жоспарланып отырғанын атап өткен жөн.
Интеграцияның практикалық маңыздылығы артып келеді: ЕАЭО жұмыс істеген бүкіл кезеңде Қазақстаннан ЕАЭО елдеріне экспорт 2,1 еседен астамға артты.
Дамудың заманауи жағдайларында сыртқы серіктестермен тұрақты экономикалық байланыстарды дамыту Қазақстан үшін экономикалық өсімнің негізгі бағыты болып табылды.